Қытай үкіметі: АҚШ әлемде шашырап жатқан жасырын түрмелерін жабуы тиіс
Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбинь АҚШ билігі дүние жүзінде шашыраңқы орналасқан құпия абақтылар мен тұтқындарды азаптаумен аты шыққан Гуантанамодағы халықаралық лаңкестердің түрмесін дереу жабуы керек деп мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"АҚШ өз әрекеттерін қайта қарап, Гуантанамо абақтысы және дүние жүзінде шашыраңқы орналасқан жасырын түрмелерді дереу жабуы керек", – деді дипломат.
Оның айтуынша, АҚШ әлемнің барлық елдерінде азаматтарды негізсіз тұтқындауларды жалғастыруда. Ол Бейжің атынан тұтқындарға қатысты қиянат жасауды тоқтатуды талап етті.
Бұған қоса, Қытай Америка Құрама Штаттары "жәбірленушілерден кешірім сұрап, өтемақы төлеуі керек, ал азаптағандарды жауапқа тартуы керек" деп санайды.
Вэнбин Гуантанамо түрмесін "адам құқықтары тарихындағы қаралы парақ" деп атап, мәселенің артында одан үлкен қылмыс жатқанын алға тартты.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"
"Ауызашардамын" деп сурет салуға болмайды: Исламтанушы Рамазан айында неден тыйылу керегін айтты
Қанат Байбосынұлы: "Рамазан айында кедей кедейлігін, бай байлығын сезінбеуі керек"