Қытай туу көрсеткішінің төмендеуіне қарсы контрацептивтерге салық енгізеді

Фото: freepik.com
Қытайда туу көрсеткішінің төмендеуіне қарсы шара ретінде 30 жыл ішінде алғаш рет терге, соның ішінде презервативтерге 13% қосылған құн салығы (ҚҚС) енгізілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның деректері бойынша, түзетулер 2026 жылғы қаңтарынан бастап күшіне енеді. Сонымен бірге, мемлекет балаларға, қарттарға және мүгедектерге күтім көрсету қызметтері үшін жеңілдіктер береді. Bloomberg атап өткендей, Қытай халқы соңғы үш жыл бойы азайып келеді. 2024 жылы 9,54 миллион бала туған. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштің жартысына жуық (сол кезде бір балалы саясат тоқтатылғанда 18,8 миллион бала туған).
Агенттік атап өткендей, аталмыш тауарларға қосымша құн салығы 1993 жылы тоқтатылған болатын.
Маусым айында қытай билігі жаңа ұлттық ата-ана субсидиялары жүйесін енгізу жоспарын жариялады. Енді әр отбасы үш жасқа дейінгі әр бала үшін жылына 3600 юань 259 мың теңге мөлшерінде субсидия ала алады. Ол баланың бірінші, екінші немесе үшінші болуы маңызды емес.