Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай Таяу Шығыстағы соғысты дереу тоқтатуға шақырды

Қытай Таяу Шығыстағы соғысты дереу тоқтатуға шақырдыФото: Ресей СІМ

Қытай сыртқы істер министрі басшысы Ван И Таяу Шығыстағы қақтығыстарды дереу тоқтатуға шақырды. Ол осылайша жағдайдың бақылаудан шығуының және қақтығыстың басқа елдерге таралуының алдын алуға болатынын айтты.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  Синьхуа басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ван И бұл мәселені күш қолдану арқылы шешуге болмайтынын айтты. Айтуынша, соғыс өршітіп, шиеленісті жағдайды бұрыннан да ушықтырады.

Ван И Парсы шығанағы аймағындағы елдердің, оның ішінде Иранның егемендігі, қауіпсіздігі және территориялық тұтастығы құрметтелуі керек екенін және оларға қол сұғуға болмайтынын айтты. Сондай-ақ ол Иран мен Таяу Шығыстағы жағдайды дұрыс реттеудің негізгі принциптерін түсіндірді.

Дипломат күш қолданып ешкім өзінің ұлы екенін дәлелдей алмайтынын атап өтті. Ол кінәсіз адамдардың соғыстың құрбаны болмауы тиіс екенін айтты.

“Күшті адамның әрекеті әрдайым дұрыс болмайды. Әлем джунгли заңына қайта оралмауы тиіс”, – деді ол Пекинде өткен брифингте ол былай деді:

Ван И аймақ елдерінің ішкі істеріне араласпауға шақырды. Оның пікірінше, Таяу Шығыс халықтары осы аймақтың нақты иелері және аймақ елдері өз мәселелерін өздері шешуі керек.

“Билікті күш қолданбай өзгерту немесе алмастыру әрекеттері қолдау таппайды. Барлық тараптар мүмкіндігінше тезірек келіссөздер үстеліне оралып, теңқұқылы диалог арқылы келіспеушіліктерді реттеп, жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күш салуы тиіс”, – деді Қытай СІМ басшысы.

Ван И ірі державаларды әділдік принципіне сәйкес әрекет етуге, дұрыс жолдан таймауға және Таяу Шығыста бейбітшілік пен дамуды қамтамасыз етуде оң рөл атқаруға шақырды.

Министр ПекинніңТаяу Шығыс елдерімен бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін, ғаламдық қауіпсіздік бастамасын іске асыру арқылы аймақты қалыпты өмірге қайтарып, халықтың әл-ауқаты мен әлемдегі бейбітшілікті қамтамасыз етуді көздейтінін жеткізді.

Айта кетейік, 

2026 жылғы 28 ақпан күні таңертең АҚШ пен Израиль Иранға қарсы бірлескен әскери операцияны бастады. Елдер Иран аумағындағы әртүрлі нысандарға зымырандық соққылар жасады және Әли Хаменеи – Иранның жоғарғы көшбасшысын өлтірді.

Оған жауап ретінде Тегеран зымырандармен Израиль аумағын атқылады, дрондармен шабуыл жасап, АҚШ-тың базалары мен Персы шығанағы елдеріндегі нысандарына соққылар жасады. Сонымен қатар Иран мұнай мен газ өтетін Ормуз бұғазы арқылы кемелердің өтуін жауып тастады.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 09 Наурыз, 2026 11:05