Қытай Қазақстанмен шекарасын уақытша жаппақ

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері үш күнге жабылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шектеулер туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.
“Қытай Халық Республикасында Көктем мерекесінің атап өтілуіне байланысты 2026 жылдың 16–18 ақпан аралығында Қазақстан–Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды”, – делінген хабарламада.
Комитет мәліметінше, шекарадағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушылар мен шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырды.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
"Азық-түлік екі есе арзан, вирус жоқ": Қазақстандық жігіт отбасын алып табысы төмен Африка аралына көшіп кеткен
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”