Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай елшісі Ресейден Қазақстан арқылы аспан асты еліне жеткізілетін газ туралы айтты

Қытайдың Мәскеудегі елшісі Чжан Ханьхуэй Ресей газын аспан асты еліне Қазақстан арқылы жеткізу мүмкіндігіне күмән келтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Риа Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Қытайдың Мәскеудегі елшісі мұны Еуразиялық мұнай-газ форумында айтты.

"Ол Қазақстан арқылы өтпейді. Өйткені ол жерде бір ғана газ құбыры бар. Ол Түркіменстаннан Қытайға газ тасымалдайды", – деді дипломат.

Оның айтуынша, Қытай газды батыс аймақтарда – Тарим ойпатында, Ганьсу мен Шаньси провинцияларында өндіріп, оны осы жол бойымен шығысқа қарай тасымалдайды.



“Дәл осы бағыт бойынша ресейлік газды тасымалдау үшін жаңа газ құбырын салу қажет. Бірақ бұл алыстау. Олар зерттеп жатыр, бірақ бұл іске аспайды. Мұны ресейлік әріптестеріме де айттым", – деді елші. 

Елшінің айтуынша, қазір "Сібір қуаты – 2" жаңа газ құбырының бағыты талқыланып жатыр. Бір нұсқа оны Моңғолия арқылы өткізуді қамтиды, екіншісі жоқ.

"Сібір қуаты" – ұзындығы шамамен үш мың шақырым болатын Ресейден Қытайға өтетін магистральдық газ құбыры. Осы құбыр арқылы жеткізілім 2019 жылдың соңында Якутиядағы Чаяндинское кен орнынан басталды. Ал үш жылдан кейін Иркутск облысындағы Ковыктынское кен орнынан газ тасымалданды. Газ құбыры 2025 жылы жылына 38 миллиард текше метр экспорттық қуатқа жетуі тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада қуаты 700 МВт болатын газ қазандығы салынғаны туралы жазған едік. 

Талқылау