Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай елі әлемдік экологияға қауіп төндіріп тұр

Әлем елдерінің атмосфераға зиянды шығарындылар көлемін азайту және әлемді тазартуға деген талпыныстарына көмірді ең көп тұтынушы АҚШ, Қытай және Үндістан елі қауіп төндірді.

Bloomberg-тің хабарлауынша, олар тұтынуды күшейтуге дайын болғаны соншалық, коронавирус пандемиясы кезінде тіркелген СО2-нің төмендеуі пайда берген жоқ.

Осылайша, Америка Құрама Штаттары тұтынуды биыл 16 пайызға, содан кейін 2022 жылы тағы 3 пайызға арттыруды жоспарлап отыр. Сұраныстың шамамен үштен екісін құрайтын Қытай мен Үндістан көмірді тұтынуды жақын арада қысқартуды жоспарлап отырған жоқ. Өткен жылы ғана ҚХР билігі елдің 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптылығына көшеміз деп уәде берген еді. Бірақ әзірге Қытай бүкіл әлем бойынша көмірді көп қолданатын әлемдегі ең ірі ел болып тұр. Әзірге Қытай билігі шығарындылардың ең жоғары деңгейіне 2030 жылға дейін жетуге уәде берді.


Атырауда қоғамдық орында темекі шеккен Қытай азаматына айыппұл салынды

Талқылау