Қытай билігі Қайрат Нұртасқа кейбір әндерін орындауға рұқсат бермеді
Танымал әнші Қайрат Нұртас Қытай еліне гастролдік сапармен барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің концерті қалай өткенін продюсері, анасы Гүлзира Үсенқызы айтып берді.
Арт-директордың сөзінше, қытайлық билік әншіге “Ауырмайды жүрек” атты танымал әнін орындауға рұқсат бермеген.
“Егер тексеруден өтпеген әндер айтылып, фонограммамен кетсе, концертті тоқтатып, ұйымдастырушыға қомақты айыппұл салынады. Біздің алдымызда 2-3 әншінің концертін солай тоқтатқан екен. Әрбір әннің сөзін тексеріп, ұйғыр халқының қатты күткен “Ауырмайды жүрек” және тағы 3-4 әнді орындауға рұқсат бермеді. Жанды дауыста айтылу жағы да тексерілді”, – деді продюсер.
- "Тегін де барамын": Гүлзира Айдарбекова тойға шығатын қаламақысын жариялады
-
"Дінге бет бұрып кетті": Гүлзира Айдарбекова әнші Сырым Исабаевқа қатысты шындықты айтты
Сондай-ақ өнер иесі қытайлық тыңдарманға рақмет айтып, ықыластарына алғыс білдірді.
“Тыңдарман қауым бізді күтіп, таңғы 4-ке дейін мейрамхананың алдында отырды. Өте керемет қарсы алды. Не деген ниеті түзу адамдар деп таңғалып отырмын”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.
Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты 8 жасынан бастап сахнаға алып шыққанын айтқан еді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды