Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Kiswah Fashion Shows:  Қазақстанда Modest fashion сән көрсетілімі халықаралық деңгейде өтті

Алматыда қазақстандық және шетелдік дизайнерлердің топтамаларының modest fashion көрсетілім кеші өтті.  Kiswah Fashion Shows-да Орталық Азия аймағында сәнге қызығушылық танытатындардың талғамына сай топтамалар ұсынылды. Іс-шараға келушілер керемет әсер алып, кеш жоғары деңгейде өтті. 

Шараны ұйымдастырушылар Ғайникен Букенова және Жанель Бертаева соңғы бірнеше жылда көптеген табысты әлемдік брендтер modest fashion капсулалық топтамаларын жасай бастағанын алға тартты. Айтуларынша бүгінде мұсылман әйелдер бизнесте де, саясатта да және басқа салаларда да маңызды басшылық қызмет атқарады. Олардың тарапынан өздерінің ішкі құндылықтарын сақтауға, сонымен бірге әдемі көрінуге сұраныс туындаған. Сол себепті дизайнерлер өз туындыларына қасиетті Рамазан айын атап өтуге арналған топтамаларды кірістірген.

Kiswah Fashion Shows көрсетілімі түрлі дизайнерлерге, талантты стилистер мен модельдерге заманауи мұсылмандық сән туралы көзқарастарымен бөлісу үшін өз алаңын берді.

Апалы-сіңлілі дизайнерлер Арапхановалар "Жан жапырағы" атты жаңа топтамасында желбіреп тұратын жеңіл маталардан тігілген силуэтті көйлектер, костюмдер мен шарфтарды ұсынды. Сондай-ақ киімдерден бренд үшін ерекше болып саналатын көгілдір кестелі апельсин гүлінің қауызы бейнеленген авторлық көк принттерді көруге болады. Дизайнерлердің пікірінше, әр қыз гүлдей сұлу және сол сұлулығымен жан-жағына нұр шашады. 

"Біз үшін бүгін мұнда болу өте маңызды. Өйткені modest fashion show – біз 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бағыт. Осы уақыт ішінде адамдар арасында өзіндік орынға ие болып, қарапайым, сонымен бірге заманауи сән өкілі болғанымызға қуаныштымыз. Сондықтан Kiswah Fashion Shows көрсетіліміне қатысуға шақырғанда біз бас тарта алмадық,” – дейді Хадиджа мен Луиза Арапхановалар. 

HAMU топтамасы дәстүр мен қазіргі заманды, өткен мен болашақты ұштастырған. Дизайнер дәстүрлі элементтерді батыл өрнектермен үйлестіріп, талғампаз дизайны гендерге тәуелсіз және еркіндік пен сұлулыққа сай еткен. 

"Қазақстан Орталық Азиядағы ең дамыған елдердің бірі. Сондықтан жергілікті fashion show-ға қатысу маған өте қызықты тәжірибе болып көрінді. Мені мұнда жергілікті дизайнерлер көп болады деген ой қызықтырды, өйткені мен Қазақстанның қарапайым сән әлемімен жақын танысқым келеді", – дейді Hamu брендінің негін қалаушы Ли Джин Хи.

Kiswah Fashion Shows подиумында ұсынылған Диора Усманова мен Мадина Қасымбаеваның ынтымақтастығы авторлық өзбек кутюрьесінің сәнді көрінісі болды. Коллекциядан ұлттық нақыштар мен сән үрдістерін көруге болады. Әрбір бұйым қолмен кестеленген, оны жасау тәсілі кез келген адамды таң қалдырады.

KISVA топтамасының негізгі идеясы – сән арқылы мәдениеттің эволюциясын зерттеу және бейнелеу. Бұл киім қазақстандықтардың өткенін, бүгінін және болашағын бір арнаға байланыстыратын, сонымен қатар қазіргі заманғы үрдістердің мәдениетімізге әсерін көрсетеді.

Kiswah Fashion Shows бас серіктесі AKAS Development құрылыс компаниясы болды. Іс-шараны ақылды қала технологиясын жасайтын CITIX adtech-компаниясы да қолдады; Қазақы зергерлік бұйымдар бренді Kazakhyuvelir; BeSpoke JET сымсыз шаңсорғыштар топтамасымен Samsung бренді; Меккеге баруға көмектесетін Hickmet туристік компаниясы; әлеуметтік бастамаларды қолдайтын Jana Dunie қайырымдылық қоры; кәсіби дерматологиялық косметика бренді Christine Schrammek Kosmetik; P.F.Changs азиялық және қытай мейрамханасы; орталықтағы Алматы Cheeseria итальяндық ірімшік зауыты; neo-nomad асханасы бар Орта Азиялық Auyl мейрамханасы және іс-шараларды басқару компаниясы Almaty Events қолдады.

Kiswah Fashion Shows іс-шарасы тақырыбына сай әрленген шынайы атмосферада қонақтарды таңдандырды. Олар шоу тамашалаумен қатар, дизайнерлермен, сәнгерлермен және стилистермен тілдесуге, сондай-ақ modest fashion әлеміндегі соңғы трендтерді талқылауға мүмкіндік алды.

Kiswah Fashion Shows Алматыдағы сән көрсетілімдерінің деңгейін көтеріп қана қоймай, жас дизайнерлерді мұсылмандық сәнге өз шығармашылығы мен талантын жеткізуге шабыттандырды. Шара аймақтағы мұсылмандық сән индустриясын дамытудағы маңызды қадам болды және жергілікті және халықаралық БАҚ-тың назарын аударды.

Гүлсезім Мұхатай
Дүйсенбі, 19 Маусым, 2023 09:32
Талқылау