Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қысқа киіп, қыздай болуым керек": Баян Мақсатқызының жаңа образы қызу талқыға түсті

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы ұзын етекті көйлек кигісі келмейтінін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Арт-менеджер дизайнер Аида Кауменованың тіккен көйлегінің үлгісін ұнатпай қалды. 

“Мына көйлектің етегін қысқарту керек. Маған ұзын етекті көйлектер ұнамайды. Кемпір сияқты болып қаламын. Мен аяғымды көрсетіп, қысқа киюім керек. Қысқа киіп, қыздай болуым керек. Сәнқой әйел аяғын көрсетеді. Костюмнің ұзындығымен бірдей болатын көйлек тігіп бер”, – деді продюсер. 



Желі қолданушылары продюсердің айтқан сөзін жаратпай қалып, сынның астына алды. 

“50 жасында қыз болмайтыны анық”, “Кең етек көйлек киіп, үлгі болып отырған әйелдер қаншама?!”, “Осының айтқанына сенесіңдер ме?!”, “Өзі кемпір емес пе?!”, “Баян барлық қазақ әйелдеріне үлгі”, “Аяғы оқтаудай түп-түзу екен”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, "Қараңғы әйелге қалай түсіндіремін?!" деп Баян Мақсатқызы ашық-шашық образына қатысты жауап берген еді. 

 

Талқылау