Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қысым көрсеткен": Павлодар облысында әскери қызметкерден ақша бопсалағандар ұсталды

павлодар ақша боспалауФото: Ішкі істер министрлігі

Павлодар облысында ақша бопсалады деген күдікпен екі тұрғын ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы әскери қызметкерден ақша бопсалаған деген күдікпен Павлодар қаласының екі тұрғынын ұстады.

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдіктілер бірнеше ай бойы әскери қызметкерге моральдық-психологиялық қысым көрсетіп, оның ақшалай қаражатын иемденіп келген. 

"Белгілі болғандай, олар бұған дейін де қылмыстық ортада жүрген. Қазір соттың санкциясымен екі күдікті екі айға қамауға алынды. Тергеу жалғасып, олардың басқа да қылмыстық істерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", – деді полиция департаменті.

Павлодар облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Болат Нұрсеитов азаматтарды кез келген бопсалау немесе заңсыз әрекет фактілері туралы хабарлауға шақырды.

Полицияның айтуынша, барлық өтініш қатаң құпия түрде қаралады.


"Интимді суреттеріңді таратамын": Оралдық жігіт бұрынғы сүйіктісін 3 жыл бойы бопсалап келген


"Мәліметтерді жариялап жіберемін": Шымкенттік блогер кәсіпкерден миллиондап ақша бопсалаған


Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында топ жыныстық қатынастан кейін "кәмелетке толмаған қызды зорлады" деп айыптап ер адамнан ақша бопсалаған. Тергеу деректеріне сенсек, бойжеткендер жәбірленушілермен жақындасып, жалған айып тағып, беделіне нұқсан келтіретін ақпарат таратамыз деп қорқытқан. Кейбір жағдайларда сыбайластары араласып, "зорлау" және "жүктілік" сынды жалған айыптармен ақша талап еткен. Қаскүнемдерден барлығы 11 ер адам зардап шеккен. Олардан бірнеше миллион теңге бопсаланған. Полиция 9 күдіктіні құрықтап, қамауға алды. Құқық қорғау органдары азаматтарды желіде танысқанда сақ болуға және бопсалау жағдайында дереу полицияға хабарласуға шақырады.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек, 2025 11:43
Талқылау