"Кісі өлтіріп, шетелдік лаңкестер лагерінде болған": Қазақстанда терроризмді насихаттаған 5 адам ұсталды
Қазақстанда терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырған, адамдарды тартуға қатысқан 5 діни радикал ұсталды. Олар бұрын кісі өлтіріп, шетелдік лаңкестер лагерінен дайындықтан өткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік қызметінің мәліметінше Қазақстанның 5 азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
“Тергеу нұсқасы бойынша, олар террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында терроризмді насихаттауға, діни алауыздықты қоздыруға және адамдарды тартуға қатысқан. Тұрғылықты жерлерін тінту кезінде қару-жарақ, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Күдіктілердің екеуі кісі өлтіру, тонау және бұзақылық үшін сотты болған. Тағы біреуі бұрын лаңкестердің шетелдік лагерьлерінде дайындықтан өтіп, шет мемлекет аумағында қарулы қақтығыстарға қатысқан”, – делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 174, 256, 259-баптары ( дiни алауыздықты қоздыру, терроризмдi насихаттау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.