Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кісі қолынан қаза тапқан 11 жасар баланың көршілері үнемі ұрыс-керіс болатынын айтып шағымданды

Алматыда қаскөй өгей шешенің қолынан қаза тапқан 11 жастағы Өркен Азаматұлының көршілері, оның үйінде үнемі жанжал болатын еді дейді.

2017012313240824680_2017012218042091481_16177916_10864035148-620x350

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Олардың сөзінше, бала тұрған әжесінің үйіне өгей анасы жиі келіп, айқай-шу, ұрыс-керіс шығарып кететін болған.

Өркеннің ата-анасы ажырасқаннан кейін жаңа отбасы құрған. Әкесінің екінші некесінен үш жасар қызы бар. Ал әжесі баланы өз тәрбиесіне алған. Олар екеуі Алматыда тұрыпты. Көршілерінің айтуынша, оларға екі әйел үнемі келетін болған. Олардың бірі туған анасы болса, екінші өгей шешесі. Өгей шеше соңғы рет келген кезінде қатты жанжал туындаған.

“Ұлым онымен араласып тұратын. Қайтыс болғанын естіген кезде түнімен жылап шықты. Өте мейірімді, ақылды бала еді. Ол екі анам бар деп айтады екен. Басқа ештеңе айтпаған”, – дейді көршілерінің бірі.

Бұған дейін полиция өгей шешенің өш алу үшін баланы ұрлап әкетіп өлтіргенін хабарлаған еді. Әйел қанды іске тіпті өзінің туған балаларын да араластырған.

Еске сала кетсек, 11 жастағы 6 сынып оқушысы 19 қаңтар күні жоғалып кетеді. Баланың жоғалғаны туралы оның әжесі сол күні кешке полицияға шағым түсірген.

22 қаңтарға қараған түні Өркен Азаматұлының денесі Наурызбай ауданындағы саяжайлардың біріндегі жерасты ғимаратынан табылған.

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында жоғалып кеткен оқушы қыз Шымкенттен табылды

Алматыда жоғалып кеткен 11 жастағы бала өлі күйінде табылды

Министр қытайлықтарға қанша қазақ қызының тұрмысқа шыққанын жариялады

Сатушы менеджер дәретханаға барған клиент қызды жасырын бейнетаспаға түсіріп алған

Талқылау