Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қырымды Ресейдікі деп мойындасын": Илон Маск Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу жолын ұсынды

Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы, америкалық миллиардер Илон Маск Украина мен Ресейдегі қақтығысты бейбіт жолмен шешудің жолын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

илон маск

Масктың пікірінше, екі ел арасындағы бітімге қол жеткізу үшін бірнеше тармақты орындау қажет.

Миллиардер өз Twitter парақшасында төрт қадамды атап түсіндіреді.
Біріншіден, ол жақында Ресейге қосылған аумақтарда БҰҰ бақылауымен қайтадан референдум өткізуге шақырды. Егер халық тиісті шешім қабылдаса, Ресей осы аймақтардан кетуі керек.

Ол Қырымды Ресей аумағы деп тануды ұсынды. Өйткені 1783 жылдан бастап ол Ресейге тиесілі. 1954 жылы Хрущев түбекті Украина КСР юрисдикциясына берген және мұны " Хрущевтің қателігі" деп атап өтті . Болашақ келісімдер аясында Украина Қырым түбегін сумен қамтамасыз етіп, бейтарап блоктан тыс мәртебені қамтамасыз етуі керек деді Tesla және SpaceX басшысы.

Маск парақшасында Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы  бірнеше адам өліміне ұласатынын тілге тиек етті. Қақтығыстың тағы бір "мүмкін, бірақ екіталай " нәтижесі ядролық соғысқа ұласуы мүмкін, деп қосты кәсіпкер. Осы мәлімдемеден кейін америкалық автоөндіруші Tesla акциялары шамамен 8 пайызға төмендеді.

Украина тарапы ұсынылған жоспардан бас тартып, өз әдісін ұсынды. Владимир Зеленскийдің Кеңсе Басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Илон Масктың жоспарына өз жауабын берді.

“Украина өзінің барлық аумақтарын босатады, ал Ресей "міндетті демилитаризациядан және міндетті денуклеаризациядан" өтуі керек. Сондай-ақ, "әскери қылмыскерлер халықаралық трибуналдың алдына шығуы тиіс", - деп пайымдады Подоляк.

Сонымен қатар, Украинаның Германиядағы бұрынғы елшісі Андрей Мельник кәсіпкерге дөрекі сөздер айтты. "Менің сізге дипломатиялық жауабым – “Құрып кет", - деді ол. Маск оған "Жоқ", — деп бірден жауап қайтарды.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қыркүйек Ресей президенті Владимир Путин ЛНР мен ДНР, Запорожье және Херсон облыстарын Ресей құрамына алу туралы шартқа қол қойылғаны жарияланды.

Талқылау