Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырымда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 29 адам қаза тапты

Қырымда ұшақ апатқа ұшырап, 29 адам қаза тапты Фото: ucheba-samoljoty.ru

Қырымда әскери-көлік ұшағы Ан-26 апатқа ұшырап, салдарынан экипаждың алты мүшесі мен 23 жолаушы қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшақ Қырым үстінде жоспар бойынша ұшып бара жатқан. 31 наурыз күні Астана уақытымен сағат 20:00-де ұшақпен байланыс үзілді.

“Іздестіру-құтқару тобы Ан-26 ұшағының апат болған орынды анықтады. Апаттың алдын ала себебі – техникалық ақау”, – деп мәлімдеді Ресей Қорғаныс министрлігі 1 сәуірге қараған түні. 

Апат салдарынан экипаждың алты мүшесі мен 23 жолаушы қаза тапты.



Ан-26 – Кеңес Одағында жасалған жеңіл әскери-көлік ұшағы. Оны 1975 жылы қарулы күштер қатарында пайдалануға рұқсат берілген. Мұндай ұшақтар әскери қызметкерлерді, техника мен жүктерді орташа қашықтыққа тасымалдау үшін пайдаланылған. Бұл модель 1960 жылдардың соңынан 1980 жылдардың ортасына дейін өндірілген.

Бұған дейін Колумбияда ұшақ апатқа ұшырап, 66 адам қаза тапқан еді. 

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 01 Сәуір, 2026 08:31