Қырғызстандық үш азамат Қазақстанда вебкам студиясын ашқан

Видеодан скриншот
Қазақстан мен Қырғызстанда вебкам студияларының желісін ұйымдастырған бір топ адам қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті Бішкектің Первомай аудандық ішкі істер департаментімен бірлесіп, интернет арқылы жезөкшелік пен азғындықты ұйымдастырғаны үшін Қырғызстанның үш азаматын тұтқындады. Олар қылмыстық топтың құрамында әрекет етіп, Бішкек пен Қазақстанда веб-кам студияларының желісін ашты.
Ұйымдасқан топ мүшелері заңсыз әрекеттерін жасыру үшін Бішкектің әртүрлі аудандарында пәтер жалдағаны анықталды. Олардың тұрғылықты жерлерінде жедел тінтулер жүргізіліп, веб-камераларды, жарықтандыру жабдықтарын, компьютер және басқа да техникалық жабдықтарды, сондай-ақ эротикалық костюмдерді тәркіледі.

Видеодан скриншот
Бұл топ негізінен веб-кам қызметтерін Chaturbate (CB), Stripchat (strip) және BongaCams арқылы онлайн режимінде хабар таратты, одан түскен қаражат олардың Binance крипто әмияндарына аударылды.
Қазір осы қылмысқа қатысы бар барлық адамды анықтау бойынша тергеу және жедел шаралар жүргізіліп жатыр.
TikTok LIVE Fest 2025: Қазақстандық креаторлар әлемдік деңгейде топ жарды