Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда инвестициялық жобаларға қаржы салған қырғызстандық ақшасын қайтара алмай қылмыстық топтың бопсалауына ұшыраған

Ярослав Акулич Қырғызстан азаматы болғанымен кейінгі 18 жыл бойы Қазақстанда тұрып келеді. Ол инвестициялық жобаларға ақша салып, бірақ соны ала алмағанымен қоймай, қылмыстық топтың қудалауына ұшырадым деп көмек сұрап, үндеу жасады. Сөзінше, оның 30% көлеміндегі үлесін Құдайбергенов Дінмұхамед Aspan Development ЖШС квалификация жолымен жарғылы капитал етіп тіркеп, Лесбаев Қуаттың атына жазып қойған. Прокуратура істі қозғамай, тоқтатып тастады дейді ол. Ярославтың видеоүндеуін досы Facebook-тегі парақшасына бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншотВидеодан скриншот

Ол өзінің видеоүндеуін Қазақстан президентіне, бас прокурор және ішкі істер министріне қарата жолдады. Ярослав Акулич жаздан бері Құдайбергенов Дінмұхамед Қобыландыұлы және Лесбаев Қуат Болатханұлы атынан қылмыстық топтың тарапынан соққы алып келемін деп мәлімдеді.

"Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, құрметті бас прокурор, құрметті ішкі істер министрі. Менің атым Акулич Ярослав Павлович. 1988 жылы 12 шілдеде дүниеге келдім. Мен 18 жылдан астам уақыттан бері Қазақстанда тұрамын, осында жұмыс істеймін. Түрлі инвестициялық жобаларға инвестиция саламын. Маусым айынан бері Құдайбергенов Дінмұхамед Қобыландыұлы және Лесбаев Қуат Болатханұлы атынан қылмыстық топтың тарапынан соққы алып келемін, мені өлтіремін деп қорқытады, бопсалап келеді. Бұл кісілер жоғары лауазымы бар ішкі істер министрлігіндегі адамдар атынан қорғалып келеді. Бүгінде 30% көлеміндегі менің үлесімді Aspan Development ЖШС квалификация жолымен жарғылы капитал тіркеп жазып қойды. Бұл соманы Құдайбергенов Лесбаев Қуаттың атына жазып қойды", – деді ол.

Қырғызстан азаматының айтуынша, Алматы қаласының прокуратурасы Құдайбергеновке қатысты істі тоқтатуға тапсырма берген.

"Қазір мен Алматы қаласының прокуратура ғимаратының алдында тұрмын. Бұл прокуратура Құдайбергеновке қатысты 194-бабы, 1-бөлігі (Бопсалаушылық) және 389-бап, 3-бөлімі (Топпен озбырлық жасау) бойынша қылмыстық істерді тоқтату туралы тапсырма берген. 19 қарашада ол менің сазайымды тарттыру үшін киллер жалдаған. 17 қыркүйекте ол менің үйіме келіп, мені ұрды. 6 қазан күні ол үйіме жөн-жозықсыз кірмек болды.
Құрметті, Қасым-Жомарт Тоқаев, сіз конституцияның және жеке меншіктің гаранты ретінде осы жағдайды бақылауыңызға алуды өтініп сұраймын. Кінәлілерді жазалаңыз. Қазақстанда жеке меншік құқығы мүлдем қорғалмаған. Мен өзімнің шетелдік азамат екенімді мәлімдегім келіп отыр. Бұл елде тұруға ықтиярхатпен тұрып келемін. Менің барлық құқығым бұзылды және де бұған ешқандай назар аударылып жатқан жоқ, елемей жатыр. Тергеу органдарында іс былығып жатыр. Алматының прокуратурасы маған хабарласып, іс жүргізіліп жатыр дейді, бірақ ешқандай шара қабылданып жатқан жоқ", – деді ол видеода.

Stan.kz ақпарат агенттігі осы іс жөнінде Алматы Полиция департаментіне сауал жолдады. Алайда департамент бұл іс Бостандық ауданы Полиция басқармасының қарауында екенін хабарлады.

“Шағымды қарау барысында шағымның мәні бойынша дәлелді іс жүргізу шешімін қабылдай отырып, арызда көрсетілген дәлелдерді тексеруді ұйымдастыру қажет. Қолданылған шаралар мен өтініштер туралы өтініш берушіге заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша түрде хабарлануға тиіс.Аталған істің мән жайымен танысу үшін Алматы қ.Бостандық ауданы Полиция басқармасына жүгінуіңізді сұраймын”, – делінген жауапта.

Талқылау