Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда үшемнің орнына егіздерді дүниеге әкелген ана үшінші сәбиін іздеуде

Қырғызстанда болашақ ана УДЗ-ға сеніп,  үшем туамын деп ойлап жүрген. Бірақ толғағы келіп, босанғанда үшемнің емес, егіздердің анасы атанған. 

Зерттеу қорытындылары жатырда үшінші баланың болмағанын дәлелдеді. Бірақ қырғызстандық әйел зерттеуге мүлдем сенбейді екен. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан басылымына сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

Оқиға Қырғызстандағы перзентханада орын алды. Гүлзина Әбдімажатова есімді жас ана Ош облысындағы перзентханада егіз қыздарды дүниеге әкелді. Алайда, осыған дейін бірнеше рет УДЗ-дан үшемді туатынын көрген соң, ол өмірге екі қыздан бөлек, үшінші нәрестенің келуін күткен екен.

"Жоғалып кеткен" үшінші баланы табу үшін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ультрадыбыстық зерттеуден ана жатырында ешқандай үшінші баланың болмағаны анықталды.

"УДЗ-ның барлық нәтижелерін тексердік, суреттер егіздерді көрсетіп тұр. Ультрадыбыстық толқындардың кесірінен жатырда үшінші бала бардай көрінген. Бұл жағдайда үшінші бала — айналық шағылу, басқаша айтқанда "елесті ұрық", — дейді басқарманың бас маманы Раиса Асылбашева. 

Оның сөзінше, 13 аптадағы УДЗ өмірге үшемнің келетінін көрсеткен. Бірақ мұны дәлелдейтін сурет жоқ. 28 аптада жүргізілген ультрадыбыстық зерттеудің көмегімен о бастан-ақ үш емес, екі баланың туылу керектігі белгілі болды. 

"Заманауи аппараттар үшемді көрсеткен жоқ. Қазір дәрігерлерді аттестациядан қайта өткізу және аппараттарды тексеру сұрағы қарастырылып жатыр", — деді Асылбашаева.

Егіздерді туған Гүлзина Әбдімажатованың анасы да УДЗ-дан үш баланы көргенін тілге тиек етуде. Ол ары қарай да өз немересін іздеуді көздеп отыр. 

Перзентхананың бас дәрігері үшінші баланың болмағанын кесір тілігін жасау отасына қатысқан дәрігерлердің көмегімен дәлелдейтінін ескерді. 
 

Талқылау