Валерий Меладзе 60 жасҚа толуына орай Орталық Азия туры аясында концерт өткізуді жоспарлаған еді. Оның командасы бұрынғы ТМД елдерінің билігіне кепілдік хат жазған. Онда мемлекет халқына деген құрмет пен махаббат туралы айтылған. Осылайша әртіс концерт өткізуге рұқсат сұрап, саяси оқиғаларға жол бермеуге уәде берген. Қазақстан мен Өзбекстан бұл ұсынысты мақұлдағанымен, Қырғызстан бірден бас тартқан.
Қырғызстанда ресейлік әнші Валерий Меладзенің концерті болмайтын болды

Ресейлік әнші Валерий Меладзенің продюсері Павел Рудченко Қырғызстанда әртістің ән кеші өтпейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Павел Рудченко 12 желтоқсан күні өзінің Telegram арнасында жазба жариялады.
“Қырғызстан билігі елде өнерпаздың келуінен туындауы мүмкін кез келген саяси ұрандардан аулақ болуды шешті. Себебі Меладзе 2022 жылы Украинадағы жағдайға байланысты Ресейден кеткен еді. Әнші Шығыс елдерінде концерт өткізе алмайтын орындаушылар тізіміне енуі мүмкін”, – деп жазды продюсер.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"