Қырғызстанда қоғамдық орындарда никаб киюге тыйым салынды
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров дін тарату үшін үй-үйді аралап, қоғамдық орындарда никаб киюге тыйым салатын заңға қол қойды. Көрші мемлекет басшысы заңның діни саланы реттеуге қажет екенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі president.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: gazetametro.ru
Енді Қырғызстан заңы:
- мемлекеттік органдарда және қоғамдық орындарда азаматты анықтауға мүмкіндік бермейтін киім кигені үшін жауапкершілік енгізеді. Егер мұндай киімді жұмысына немесе медициналық себептерге байланысты кисе рұқсат етіледі;
- қарттар және мүгедектер үйінде, колонияларда, тергеу изоляторларында, Қарулы Күштер бөлімшелерінде діни іс-шараларды өткізу үшін;
- діни ұйымдардың немесе олардың өкілдерінің зайырлы билік органдары мен олардың өкілдерінің қызметіне араласуы үшін;
- Қырғызстан аумағында діни нысандарды қоспағанда, қоғамдық орындарда, мемлекеттік ұйымдарда, балабақшаларда, мектептер мен университеттерде кез келген БАҚ арқылы діни әдебиеттерді таратқаны үшін және үй-үйді аралағаны үшін жауапкершілік енгізіледі.
Заң діни негізде партия құруға және оны діни ұйымдардың, шетелдік компаниялар мен азаматтардың қаржыландыруына тыйым салады. Үгіт науқаны кезінде зайырлылық қағидаты сақталуға тиіс делінген құжатта.
Сондай-ақ "Депутаттардың мәртебесі туралы" заңдарға мемлекеттік қызметтің діни қызметке сәйкес келмеуі бойынша түзетулер енгізіледі. Оларға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде діни ақпаратты пайдалануға тыйым салынады.
Садыр Жапаров өзінің Facebook парақшасында заңдағы бір ғана тармақтың даулы екенін түсіндірді.
“Уағыз айту үшін үйлерді аралау, бұл қырғыз тілінде "даават" деп аталады. Уағызшыларды кім бақылайды? Олардың мүфтият берген анықтамалары бар ма? Қандай ұйымды, қандай бағытты насихаттайды? Бұл бағыт исламға қайшы келе ме? Мұның бәрі белгісіз. Азаматтарымыз отбасы мен балаларын қараусыз және күнкөріссіз қалдырып, үш күнге, 40 күнге, тіпті төрт айға кетіп қалатын кездері де бар. Бұл қалай болғаны!? Әуелі отбасын ең аз мөлшерде азық-түлікпен қамтамасыз етіп, сосын барып дінге шақыруға болмай ма?. Дағуатқа ешкім қарсы емес. Біз дұрыс дағуаттан ешқашан зардап шекпейміз. Әзірге оны мешіттерде, тойларда, жаназаларда, базарларда немесе адамдар жиналатын басқа жерлерде өткізуге болады", – деп жазды Жапаров.
Тағы бір мәселе, кейбір жосықсыз ұйымдар азаматтарды жасырын түрде теріс ағымдарға тарту үшін дағуатты бүркемелейді. Нәтижесінде Қырғызстан халқы 33 ағымға бөлініп, кейбіріне сот тыйым салған.
Садыр Жапаров ел мүфтияты мен ғұламалар кеңесін уағызшыларға нақты талаптар қоюға шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылдың желтоқсан айында Қырғызстан билігі қоғамдық орындарда никаб кигендерге 20 мың сом (118 мың теңгеден аса) айыппұл салынатынын хабарлаған еді.