Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда 21 жастағы қазақстандық боксшы көз жұмды

Ыстықкөлде қазақстандық боксшы суға батып кеттіФото: mmawear.ru

Шымкенттік 21 жастағы спортшы Ибрагим Ирисматовтың Қырғызстандағы Ыстықкөлде демалыс кезінде суға батып кеткені туралы ақпарат желіде таралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орнына жақын маңда 22 жасқа дейінгі қазақстандық боксшылардың оқу-жаттығу жиыны өтіп жатқан. Осыған байланысты оқиғаның ресми жиынмен байланысы бар ма деген сұрақ туындаған.

Шымкент спорт басқармасы Ибрагим Ирисматовтың Шымкенттегі Кәсіби бокс клубының тәрбиеленушісі болғанын растады. Алайда оның ұлттық құраманың Ыстықкөлдегі ресми жаттығу жиынына еш қатысы болмағанын мәлімдеді.

"Жас жігіт Қырғызстанға жеке қаражатына демалу үшін барған. Ол ұлттық құрамадан бөлек, басқа демалыс базасында тұрған", – деді басқарма өкілдері.

Қазақстан бокс федерациясы да қайғылы оқиға кезінде ұлттық құраманың жоспарлы жаттығу жиынында болғанын растады, бірақ Ирисматовтың жиынға қатыспағанын нақтылады. Федерация бұл оқиғаның команда дайындығына еш қатысы жоқ екенін баса айтты.


Илон Масктың компаниясы адам өлімі бойынша сотқа тартылды


Жанармай алмақ болған қазақстандық цистернаға құлап, мерт болды


Еске салайық, бұған дейін Сайран көлінде бір күнде екі адам суға кеткенін жазған едік. Алдымен 25 маусым күні күндіз 17 жастағы жасөспірім суға батып, көз жұмды. Артынша кешкі сағат 19:26 шамасында 1977 жылы туған ер адамның мәйіті судан табылды. Куәгерлердің айтуынша, екінші қайтыс болған азамат алкогольдік мас күйінде, шомылуға тыйым салынған аумақта суға түскен. Алматы төтенше жағдайлар департаменті Сайран көлінде барлық құрылыс және санитарлық жұмыстар толық аяқталып, нысан ресми түрде пайдалануға берілгенге дейін шомылуға қатаң тыйым салынатынын ескертті.

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 15 Шілде, 2025 19:05
Талқылау