Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан ресейлік тележүргізуші Соловьевті нон грата персонасы деп тануды ұсынды

Фото: Видеодан скрин

Қырғызстанда ресейлік тележүргізуші Владимир Соловьевті нон грата персонасы деп тану ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мұны әлеуметтік желіде Қырғызстан парламентінің депутаты Дастан Бекешев ұсынды. 

“Соловьевтің айтқанын оқыдым. Менің ойымша, Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей елшісін шақырып, наразылық нотасын тапсыруы керек. Сондай-ақ мұндай адамға елге кіруге тыйым салуған жөн”, – деді депутат. 

Айта кетейік, бұған дейін Ресейлік тележүргізуші Орталық Азия мемлекеттеріне қатысты мәлімдеме жасағаны туралы жазған едік. Соловьев өз сөзінде, Дональд Трамптың Гренландия мен Венесуэлаға қатысты мәлімдемелерін мысалға келтірді. Сосын Ресейдің “ықпалы жүретін аймақтары” тақырыбына тоқталды. Оның айтуынша, Орталық Азия "Ресейдікі". Сондықтан Ресей Сирия, Венесуэла сияқты алыс аймақтарға емес, “жақын шетелге” көбірек көңіл бөлуі тиіс. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 14 Қаңтар, 2026 12:06