Қырғызстан Қазақстаннан неге жанармай сатып алмай отырғанын түсіндірді
Фото: for.kg
Қырғызстанның бәсекелестікті реттеу агенттігінің директоры Женалы Орозбаев республика неге Қазақстандағы бағалар төмен көрінгенімен, жанар-жағармайды Ресейден сатып алып отырғанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, Ресей жыл сайын Қырғызстанға шамамен 1,2 миллион тонна жанармай жеткізеді, ал ішкі нарықтағы бензин бағасы нақты экспорттық шарттарға сәйкес қалыптасады.
Шенеунік Қазақстанда АИ-92 бензинінің литрі шамамен 40 сом (247 теңге) екенін, ал Қырғызстанда — 70 сомға жуық тұратынын атап өтті. Алайда Қазақстандағы төмен баға тұтынушылар үшін мемлекеттік субсидиялардың арқасында ұсталып отыр, ал басқа елдерге арналған экспорттық құны әлдеқайда жоғары.
“Егер Қырғызстан Қазақстанмен ЖЖМ импорттау туралы келісім жасасса, біздің ел үшін баға Ресейден әкелінетін жанармайдан қымбатқа түседі, бұл экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Қазақстаннан жанармай сатып алуға ешкім тыйым салмайды, бірақ қазір экономикалық жағынан оның қажеті жоқ”, – деп баса айтты Орозбаев.

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
