Қырғызстан ата-аналарға балаларды ұрып жазалауға мүлде тыйым салмақ
Қырғызстан және тағы сегіз ел 18 жасқа толмаған балаларды ұрып жазалауға тыйым салатын болды. Енді бұл елдерде балаларды шапалақпен ұруға, түртіп қалуға жол берілмейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: freepik.com
Басылымның хабарлауынша, мемлекеттер тізімінде Уганда, Бурунди, Шри-Ланка, Панама және Чехия да бар.
"Бұл дене жазасына толық тыйым салу. Осылайша, Гамбия мен Нигерияда мұндай жаза түрі мектептерде де жойлады. Бұл міндеттемелер Колумбияда өткен БҰҰ-ның бірінші дүниежүзілік тақырыптық конференциясына талқыланды", - деп жазады басылым.
Дүниежүзілік денсаулық ұйымының өкілі Бесс Герберттің айтуынша, аталған елдерде барлығы 150 миллионға жуық бала тұрады.
Дене жазасына ауырсыну немесе ыңғайсыздық тудыру үшін қолданылатын физикалық күш (тіпті ең жеңіл дәрежеде), сондай-ақ қатыгез және ар-намысты қорлайтын жазаның физикалық емес түрлері де жатады.
БҰҰ-ға кіретін 193 елдің 67-сінде дене жазасына толық тыйым салынған. Заң шығарушы деңгейдегі зорлық-зомбылықты тоқтатқан алғашқы ел 1979 жылы Швеция болды.