"Қиранды астынан жедел жәрдем қызметкерлері шығарды": Астанада тұрғын үй қасбеті құлап, одан аман қалғандар құтқарушылардың мүлде көмектеспегенін айтты
Фото: NewTimes.kz
Астанада ғимараттың қасбеті құлап, зардап шеккендер құтқарушылардың оқиға орнында көмектеспегенін айтты. Айтуларынша, жарақат алғандарды үйінді астынан жедел жәрдем қызметкерлері шығарған. Оның ішінде 18 қарашада ауруханада қайтыс болған фельдшер Ұлдана Мырзуан да болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NewTimes сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Зардап шеккен Гүлнар Қалиеваның айтуынша, құтқарушылар жай ғана қарап тұрған, көмекке мүлде ұмтылмаған.
“Форма киген адамдарды көрдім. Оларды өрт сөндірушілер деп ойладым. Алайда олар жай қарап тұрды, мүлде жоламады”, – дейді қасбеттің құлауынан жарақат алған 60 жастағы Гүлнар Қалиева.
Гүлнар Қалиева өзін және туыстарын, жедел жәрдем қызметкерлері мен қайтыс болған фельдшер Ұлдана Мырзуан құтқарғанын айтты.
Жарақат алғандардың арасында Гүлнардың кіші қарындасы Айнұр және ағасы Жанкелді болған. Үшеуі де ауыр жарақат алған, яғни ашық сынықтар, бас жарақаттары және омыртқа жарақаттары бар.
Гүлнар ауруханадан шығарылды. Алайда әлі де аяғын дұрыс баса алмай, тіпті өзіне күтім жасай алмай отыр. Қазір зардар шегуші ұлы мен көршісі Әселдің қарауында. Олар әйелге күтім жасауға көмектесіп жатыр екен.
“Миым шайқалып, бас миым жарақат алды, басым тігілген. Саусағым екі жерден, бұғана, үш қабырғам сынған. Ал омыртқам екі жерден сынған. Өз бетіммен тұра алмаймын, басым айналып, құлап қалудан қорқамын. Өз бетіммен ештеңе істей алмаймын. Сәл бұрлысам бүкіл жерім ауырады. Екі ай бойы корсетті шеше алмаймын. Алайда түнде шыдай алмай шешуге туралы келеді”, – дейді әйел.
Астанадағы қасбеті құлаған тұрғын үйге кім жауапты болған
Гүлнар дәрігерлерге денсаулығы нашар екенін айтып, ауруханада қалуды сұраған. Алайда мамандар кеңесін беріп, ауруханадан шығарып салған.
“Ауруханадан шыққан кезде жағдайы қалыпты болды. Тәулік бойы бақылауды қажет ететін жедел асқынулар немесе қауіптер анықталмады. Одан әрі оңалту амбулаториялық негізде жоспарланған”, – делінген Денсаулық сақтау басқармасының жауабында.
Қайғылы оқиға болған күні, Гүлнар мен оның сіңлісі Айнұр ағасы Жанкелдінің үйіне қонаққа бара жатқан.
“Шәй сатып алу үшін дүкенге кірмек болдық. Алайда жолда бір нәрсе құлап, дүкенге жете алмай қалдық. Есімді жисам үйінді астында жатыр екенмін. Қолым үстімде жатыр, басымды қорғау үшін солай істеген болуым керек. "Мұнда сіңлім жатыр. Құтқарыңдар!" деген дыбысты естідім. Қиранды астындағы жарықшақтан әпкемнің күртешесін көрдім”, – деп еске алды жәбірленуші.
Ол ағасына қоңырау шалып, жағдайды хабарлап үлгерген. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына келіп, көмек көрсетіп жатқанда, тағы бір зат құлап, 23 жастағы Ұлдана Мырзуанның үстіне түсті.
“Сіңлімнің жанында тұрған кезде тағы бір дыбыс естілді. Қарасақ кондиционер құлаған екен. Олар бәрін зембілмен бір-бірлеп көтере бастады. Форма киген адамдар шетте тұрды, жақындамады. Олар тек қарап тұрды”, – деді Гүлнар.
Зардап шеккендердің бірі Айнұрдың жағдайы ауыр. Оның бас сүйегі жарақаттанып, бірнеше қабырғасы мен омыртқасы сынған. Туыстарының сөзінше, қатерлі ісіктің соңғы сатысына байланысты үш жыл бұрын жатырын алып тастаған. Қазір зардап шегуші химиотерапия алып жатқан көрінеді.
Фото: NewTimes.kz
Жанкелді мен Айгүл дәл осы ғимараттағы пәтерді бір жыл бұрын сатып алған. Алайда олар үйді сатып алған кезде ғимараттың тозығы жеткені алдын ала айтылмаған.
“Риэлтор мұндағы пәтерлердің тез сатылып жатқанын айтты. Бұл сөздің мағынасын енді түсіндім. Себебі, адамдар бірдеңеден күдіктенген соң сол пәтерден тезірек көшіп кеткісі келген болар”, – дейді Айгүл.
Тұрғындар ғимараттың едені мен қасбетінде үлкен жарықтар барын, олар көшіп келгенде мұны ешкім ескертпегенін айтты. Шатырдан үнемі су ағып жатады екен. Ал кейбір көршілердің пәтерінің төбесі нашар күйде дейді. Қайғылы оқиғадан кейін аулада қоршаулар орнатылып, қаптамасы құлаған дүкен уақытша жабылыпты.
60 жастағы Гүлнар зейнетке шыққанға дейін медбике болып жұмыс істеген. Жұмыс істейін десе әзірге денсаулығы жарамайды. Оған өзін қалыпқа келтіру үшін массаж терапиясы, дәрі-дәрмектер қажет. Ал отбасының қалтасыбұл шығынды көтере алмайды. Сондықтан ол көмек алу үшін көршісінің байланыс ақпаратын қалдырды:
Kaspi: +7 747 018 2282 Гүлнар К.
Карта: 4400 4303 6393 3554
Байланыс: 8 701 246 2885 Әсел, көрші.
Еске салайық, бұған дейін Астанада ғимараттың сыртқы қабырғасы құлап, адамдарды құтқаруға барған жедел жәрдем фельдшері ауыр жарақат алғаны туралы жазған едік. 18 қараша күні 23 жастағы фельдшер ауруханада көз жұмды.
"16 жерінен пышақтап, сойып тастаған": Алматы облысында әкесі 15 жастағы қызын қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінді