Киноға түсіп жатқан екі актер суға батып көз жұмды
Үндістанның Бангалор қаласында екі актер киноға түсіп жатқан жерден суға батып кетті.
Сценарий бойынша Дуния Виджай мен Анил Кумаранд тікұшақтан суға секіріп түсіп, бір бірімен суда төбелесуі керек болған. Сол кезде үшінші каскадер-актер келіп, төбелеске араласуы тиіс екен, деп хабарлайды The Times of India.
Бірақ, 12 метр биіктіктен судағы резервуарға секірген әртістер көп ұзамай суға бата бастады. Құтқару туралы көмек сұраған актерлерді жағада жүрген жұрт дер кезінде ажалдан арашалап қала алмады. Тек үшінші болып секірген актер Удай Венкатешті балықшы қайығымен жүзіп жеткен жергілікті тұрғын құтқарып қалыпты. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, бұл су сақтау қоймасына түсуге, одан қалды фильм түсіруге құжат жүзінде тыйым салынған екен. Бірақ, бұл тыйымға бағынбаған Kannada компаниясы екі актердің өмірінің қиылуына себеп болды.
Жіберіп алмаңыз:
Бүгін аспаннан ең жарық Айды көруге болады
Павлодарлық кәсіпкер өз ақшасына баспанасыз студенттерге тегін жатақхана ашып берді
Алматыда қоластында 16 жезөкше жұмыс істейтін жеңгетайлық топ ұсталды
Саусақ іздерін тіркеуден бас тартқан қазақстандықтарға жеке куәлік берілмейді