Павлодарлық кәсіпкер өз ақшасына баспанасыз студенттерге тегін жатақхана ашып берді

Дүйсенбі, 14 Қараша , 2016 15:40

Павлодарда ЖОО-на білім алатын тәртіпті студенттерге тегін жатақхана ашылды.

20161114152129

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің имамы жатақхананың Усолка шағын  ауданында орналасқанын айтты. Есімін атаудан бас тартқан кәсіпкер ескі ғимаратты жөндеуден өткізіп, мешітке тегін берген. Имамдар мұнда баспанасы жоқ студенттерді тұрғызуды ұйғарған.

«Екі қабатты ғимараттың 16 бөлмесі бар. Әр бөлмеге екі баладан алатын болсақ, 32 студентті уақытша баспанамен қамтуға мүмкіндігіміз бар. Өздеріңіз білесіздер, қазір жоғары оқу орындарда оқитын студенттердің барлығы тегін жатақханамен қамтылмаған. Соның салдарынан қаншама жастар жалдамалы пәтер жағалап жүр. Біздің мақсатымыз – сондай жастарды осындай діни, рухани орындарға тартып, оларға қамқорлық көрсету. Егер мұқтаж жандарға біз көмектеспесек, оларды басқа діни ағымның өкілдері ертіп кетуі әбден мүмкін ғой. Өйткені, баспанасыз жүрген балалар кез келген адамның сөзіне иланғыш келеді. Болашақта мұнда ұстаз тағайындап, Ислам діні талаптарына сай білім алуға ниетті жастар үшін діни дәріс ұйымдастыратын боламыз», – дейді Хасан Аманқұлов.

Осбылста студенттер үшін мұндай тегін баспана алғаш рет ашылып отыр. Шәкірттер  13 қарашадан абстап қоныстанатын болады. Келесі жылы да қыздарға арналған  студенттер үйі ашылмақ.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда қоластында 16 жезөкше жұмыс істейтін жеңгетайлық топ ұсталды

Саусақ іздерін тіркеуден бас тартқан қазақстандықтарға жеке куәлік берілмейді

Қостанайлық бейтаныс қыз бірге өткізген түннен соң жігітті тонап кеткен

Гиннестен бас тартып орамалын шешпеген 124 жастағы әже

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
23 күні 10 сағат кері

Амин

Анонимно
23 күні 13 сағат кері

Алла разы болсын.Осындай көңілі кең,қолы ашық жандар көбейе берсін

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар