"Қиналып жатқан дауысы естілді": Алматыда өзенге құлап кеткен бала екінші рет суға батып кете жаздағанын айтты
Алматыда Есентай өзеніне құлап кеткен баланы құтқарып қалған ер адам Stan.kz тілшісіне оқыс жағдайдың қалай болғанын айтып берді.

Фото: Видеодан скрин
Әлихан есімді жігіттің айтуынша, сол кезде бақтағы орындықта отырған.
“Баланың суға батып, қиналып жатқан жан даусы естілді. Ештеңеге қарамастан жүгіріп барып суға секірдім. Алланың қалауымен құтқарып қалдым. Баланың аяғы тайып құлап, әрі қарай ағыс алып кеткен екен. Судан шығарып сөйлескенде мұндай жағдайдың екінші рет қайталанып тұрғанын, бұған дейін де суға ағып кете жаздағанын айтты”, – дейді Әлихан.
Айтуынша, судан шығаруға көмектесіп жүрген ойын баласы суға құлап кеткен баланың досы екен.
Еске салайық, күні кеше әлеуметтік желіде өзенге құлаған баланы құтқарып қалған жігіттің видеосы тараған еді.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"