"Балалар құлағына петарда жарған": Петропавлда кішкентай қыз күшікті құтқарып қалды
Петропавлда бала қаңғыбас күшіктің құлағына петарда салып, оны жарып жіберген. Полицейлер баланы тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скриншот
Бір қыз балалардан жаралы итті тартып алып, полиция шақырған.
Қазір иттің өмірі үшін еріктілер мен ветеринарлар күресіп жатыр. Жануар ауыр жарақатпен ресейлік мамандарға жеткізілді. Еріктілер емге ақша жинап берген.
- "Етін жегісі келген сияқты": Ақтөбеде ер адам итті көпқабатты үйдің кіреберісінде бауыздаған (видео)
Итті қинаған тоғыз жасар мектеп оқушысы болып шықты. Оның анасы 37 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуі керек.
“22 қазанда комиссия отырысы өтіп, оның қорытындысы бойынша баланың анасына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің127-бабы "Тәрбие және тәрбие жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша материал жиналды”, – деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мадина Ерғалиева.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады