Алматы облысында ер адам итті көліктің артына байлап, сүйреген (видео)
Желіде ер адамның итті көліктің артына байлап, сүйреген видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға Алматы облысында болды. Қазір қаскөй ұсталып, бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр.
- "Етін жегісі келген сияқты": Ақтөбеде ер адам итті көпқабатты үйдің кіреберісінде бауыздаған (видео)
"Жедел іздестіру шаралары барысында Қарасай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 28 жастағы ер адамды ұстады және полицияға жеткізді. Қазір ұсталған азаматтың үстінен жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында тұрғынның итті тірідей өртеп жібергені туралы жазған едік.
Қазақстан халқына қоры Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейтін болды: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”
Алматыда жаңбырдан соң көліктер батпаққа батып, жолдар опырылды
Тұрғындар жауын-шашын басталмай тұрып жолды ретке келтіруді сұраған, алайда орындалмаған