Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Кінәлілер жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін": Димаш Құдайберген Екібастұздағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Әнші Димаш Құдайберген Екібастұздағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, апатқа кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген Екібастұздағы халықтың жағдайы үшін алаңдаулы екенін жеткізді. 

"Екібастұздағы халықтың жағдайы үшін алаңдап отырғанымды айтпасам да түсінікті болар. Менің парақшамды көптеген басқа мемлекеттің адамдары оқитын болғасын, ішкі мәселемізді сыртқа шығарғым келмеп еді, бірақ мына далада қалған аналарымыздың көз жасы зая кетпесін десеңіздер,ЖЭО басшысынан бастап, кінәлілердің барлығы жауапқа тартылып, жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін…" – деп жазды ол Instagram-парақшасында. 

Еске салайық, 27 қарашада Екібастұздағы жылу-электр орталығында қазандықтар істен шығып, тұрғындар жылусыз қалған еді. Нысан олигарх Александр Клебановтың иелігінде. Ал 28 қарашада қалада төтенше жағдай жарияланып, президент мәселе туындаған электр активтерін мемлекет меншігіне қайтаруды тапсырды. Қазір апатқа байланысты тергеу жүріп жатыр және қылмыстық іс қозғалды. 

Талқылау