Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кімнен екенін беске білемін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне бірнеше рет сиқыр жасалғанын айтты

Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

Танымал актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына талай рет сиқырланғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы сиқырланған сайын иманының өскенін айтты. 

"Өз басымнан өтті, талай рет ине, ойынышықтарды таптым. Кімнен екенін беске білемін. Бұл жақсы емес әрекеттер менің иманымды одан әрі өсірді. Дұғасыз үйден шықпаймын, сырттан сыйлық алмаймын дәретсіз, садақасыз жүрмеймін. Әр минустан плюс жасаймын", – деп жазды ол.



Желі қолданушылары Айжұлдыздың бөліскен ақпаратына қатысты түрлі пікір білдірді. 

"Кім болса да ондай адамнан кеткенің қандай жақсы болған", "Көзіме еріксіз жас келді", "Алла ұлық, денем тітіркеніп кетті", "Сиқыр жасағандардың Құдай жазасын берсін", “Енем маған сиқыр жасаған”, “Сиқыр жасаған адамның сиқыры өзіне қайтып барады. 7 ұрпағына дейін жалғасады екен” – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, Айжұлдыз Адайбекова үйлену тойына не себепті ерекше образ жасағанын түсіндірген еді.

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 10 Маусым, 2025 09:45
Талқылау