Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Киллиан Мбаппе бір матчта 4 гол соғып, Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы атанды

футболФото:Champianot.com

Мадридтік “Реалдың” жұлдызды шабуылшысы Киллиан Мбаппе Чемпиондар лигасының 5-турында бір матчта 4 гол соғып, покер жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Реал Мадрид сырт алаңда грекияның Олимпиакосына қарсы ойнады. Тартысқа толы ойында алғашқы болып алаң иелері есеп ашты. Дегенмен көп ұзамай Киллиан Мбаппе таразы басын теңестіріп кетті.

Осылайша ол ойын барысында қарсыластың қақпасынан 4 мәрте саңылау тауып, гол соқты. Нәтижесінде Реал Мадрид Олимпиакосты 3:4 есебімен жеңіп, турнир кестесінде 12 ұпаймен үздік бестікті түйіндеді.

Ал Киллиан Мбаппе болса жалғыз дара Чемпиондар лигасында сұрмергендер көшін бастап келеді. Сонымен қатар ол Чемпиондар лигасында аптаның үздік ойыншысы атанды.

Екінші орында "ПСЖ" жартылай қорғаушысы Витинья ("Тоттенхэмге" хет-трик, 5:3) орналасты.

Үздік үштікке "Марсель" шабуылшысы Обамеянг ("Ньюкаслге" дубль, 2:1) жайғасқан. Төртінші орынға "Боруссия" шабуылшысы Гирасси ("Вильярреалға" дубль) ие болды.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 28 Қараша, 2025 14:37