Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қылыштар, тиын және зергерлік бұйымдар: Кәрім Мәсімовтің үйінен табылған заттар аукционға қойылды

Кәрім Мәсімовтың заты

Фото: Е-аукцион

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің зәулім үйіндегі сәнді заттар аукционға қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания ұсынылатын лоттарды көрсетті:

  • Зергерлік бұйымдар мен бижутерия – жалпы сомасы 139 мың теңгеге 15 дана;
  • Кәдесый монеталар мен қаламдар – жалпы сомасы 8,6 миллион теңгеге 32 дана;
  • Былғары белдік пен қару – 26 дана, жалпы құны 6 миллион теңге.

Барлық активтің жалпы бастапқы бағасы – 14,8 миллион теңге.

Атап айтқанда, 628 мың теңгеге "Montegrappa Italia" деген жазуы бар автоқалам мен 575 мың теңгеге Viskonti Firenze брендінің кәдесый қаламы сатылымға шығарылды.

Кәрім Мәсімовтың заты

Фото: Е-аукцион

Сондай-ақ кенгуру мен айдаһар бейнеленген Елизавета II алтын монеталарын 1,3 миллион теңгеге және 3 миллион теңгеге сатып алуға болады.

Кәрім Мәсімовтың заты

Фото: Е-аукцион

Одан бөлек 10 қылыш аукционға шығарылды. Олардың ең қымбаты 1,1 және 1,3 миллион теңгеге бағаланып отыр. Бір қылыштың жүзінің толық бөлігі күрделі өрнекті сары түсті металдан жасалған қабатпен безендірілген. Пышақтар болаттан жасалған.

Лоттардың ішінде Кәрім Мәсімовке сыйға тартылған айбалталар ерекше көзге түседі. Олардың бірінде сыйға тартқан адамдардың аты-жөні мен күні ойып жазылған.

Кәрім Мәсімовтың заты

Фото: Е-аукцион

Сондай-ақ бюджеттік лоттар бар, мысалы, 22 мың теңгелік зергерлік бұйымдар жиынтығы көрсетілді.

Барлық зат Кәрім Мәсімовке тиесілі зәулім үй мүлкінің тізіміне енгізілген.

Аукцион 15 тамызда сағат 10:00-де өтеді. Оған кез келген адам қатыса алады. Ол үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік депозит салып, көрсетілген мерзімде өтініш беру керек.

Еске салайық, ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген тұрғын үй алғаш рет 2025 жылдың ақпан айында сатуға шығарылып, 1 883 338 958 теңгеге деп бағаланған еді. Алайда үй аукционның бірінші сатылымында өтпей қалды. Жылжымайтын мүлік екінші рет наурыз айында сатуға шығарылып, тағы да сатылмай қалды. Элиталық үй сәуір айында тағы да сатылымға шығарылып, құны 282 500 843 теңгеге ғана арзандап, бастапқы баға – 1 600 838 115 теңге болып бекітілгені туралы жазған едік.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 24 Шілде, 2025 17:24
Талқылау