Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қылыштар, тиын және басқа да мүліктер: Кәрім Мәсімовтың үйінен табылған заттары бөлек сатылады

Фото: Аукцион платформасы

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі әлеуметтік қажеттіліктерге беріледі. Ал қылыштары, тиындары және басқа да мүлкі сатылады. Бұл ақпаратты Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы және бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовтен тәркіленген Астанадағы зәулім үй (ауданы – шамамен 2000 шаршы метр) әлеуметтік қажеттілік үшін берілуі мүмкін.

Мұны қайтарылған активтерді басқару серіктестігінің басшысы Қуанышбек Мұқаш хабарлады.

Фото: Аукцион платформасы

Үйдің өзі әлі әкімдікке берілген жоқ. Серіктестік басшысының айтуынша, қала әкімдігі өтінішті әлі растаған жоқ. Қазір Астана әкімдігі үйді әлеуметтік нысанға алу мүмкіндігін қарастырып жатыр, бірақ әзірге түпкілікті шешім жоқ.


Кәрім Мәсімов ресейлік астрологқа 200 мың доллар төлеген – The Telegraph


"Мәсімов пен Қожамжаров тергеуге ықпал етті": Депутат Бәпи ЭКСПО ісі бойынша сотталған Ермегияевті заңсыз сотталды деп есептейді


Бірақ үйдің ішіндегі заттар – көне тиындары, қылыштары және басқа да жеке құндылықтары бөлек сатылады. Бұл заттар тәуелсіз активтер ретінде бөлек бағаланды.

Фото: Аукцион платформасы

Оларды аукционға қою немесе басқа активке қосып, пакет ретінде сатуды жоспарлап отыр.

Сәнді үйді беру Бас прокуратура арқылы рәсімделді. 

Еске салайық, ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген тұрғын үй алғаш рет 2025 жылдың ақпан айында сатуға шығарылып, 1 883 338 958 теңгеге деп бағаланған еді. Алайда үй аукционның бірінші сатылымында өтпей қалды. Жылжымайтын мүлік екінші рет наурыз айында сатуға шығарылып, тағы да сатылмай қалды. Элиталық үй сәуір айында тағы да сатылымға шығарылып, құны 282 500 843 теңгеге ғана арзандап, бастапқы баға – 1 600 838 115 теңге болып бекітілгені туралы жазған едік.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 29 Мамыр, 2025 16:26
Талқылау