Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Киімді үйлестіріп киюдегі 10 қателік (фото)

Адамның киім таңдаудағы талғамы әр түрлі болып келеді. Дегенмен киімді үйлестіріп киюдің өз әдебі бар.

Киімді үйлестіріп киюдегі 10 қателік

Бір образдағы екі немесе одан да көп кең киімдер

Оверсайз-киімдердің сәнге айналғанына біраз уақыт болды. Алайда, барлық киімді кең қылып киюдің қажеті жоқ. Ондай жағдайда толық болып көрінесіз. Егер бойыңыз ұзын болса, киімді 3-4 көлемге үлкен алсаңыз болады. Көзге түспейтін түсті таңдаңыз. Акссессуарлар тақпаңыз.

Киімді үйлестіріп киюдегі 10 қателік

Түссіз ұзын шұлық пен қыстық киім

Саханаға түссіз шұлық пен қыстық киім киіп шығатын модельдерге еліктемеңіз. Олардың киім киісі шынайы өмірдегі сәнге қайшы келеді.

Ашық түсті шұлықтар подиумде әдемі көрінгенімен, басқа жерде сәнсіз көрінеді. Сондықтан қою түсті шұлық таңдаңыз. Егер сіз қара көйлек пен қара аяқ киім киетін болсаңыз, қара түсті колготки алыңыз. Шұлықтағы сызықтар көлденең болмауы тиіс. Олар аяқты ірі әрі қысқы етіп көрсетеді. Көйлегіңіз кең болған сайын, шұлық көзге түспейтіндей болуы керек.

Киімді үйлестіріп киюдегі 10 қателік

Бір матадан тігілген күрте+шалбар+аяқ киім

Былғары күртелер көптен бері сәнге айналған. Алайда барлық киімді бір түрден таңдаудың керегі жоқ. Мәселен, былғары күрте кисеңіз, қара шалбар таңдаңыз.  Өзге маталы кофта киіңіз. Жылтыр  шалбар мен ақ футболка, джинсы жейде мен мокас кимеңіз. Былғары күрте мен жеңіл көйлек әдемі үйлеседі.

 Киімді үйлестіріп киюдегі 10 қателік

Берет бас киім мен спорттық күрте

Берет бас киім спорттық күртемен мүлде сәйкес келмейді. Ал, спорттық күрте мен бас киім таңдау қиынға соғып жатады. Ол үшін тоқылған бас киімдер мен шарф алыңыз. Бас киімнің матасы мен түсі күртеңізге сәйкес келгені де жақсы.

Киімді үйлестіріп киюдегі 10 қателік

Спорттық киім мен биік өкшелі аяқ киімдер

Бұл стиль де модельлерлерден алынған. Алайда өмірде осылай киініп жүрі түк те сәнге жатпайды. Спорттық киіммен бәтіңке мен ерлер стиліндегі аяқ киімдер үйлеседі. Биік кигіңіз келсе, өкшесі бар спорттық аяқ киімді таңдаңыз. Спорттық шалбарды пиджакпен киігңіз келсе, шалбарды мақтадан емес, былғарыдан таңдаңыз. Сосын ақ футболка киіңіз.

Киімді үйлестіріп киюдегі 10 қателік

Қысқа кофта мен легинсы

Легинсы – спорттық киім. Оны қысқа кофтамен кимеңіз.  Керісінше кең жейдемен, туникамен, жемпірмен, қысқа көйлектермен киіңіз. Легинсының матасы нығыз болуын ескеріңіз.
Киімді үйлестіріп киюдегі 10 қателік

Танкеткалы кеды аяқ киімдер 5-6 жыл бұрын сәнде болды. Оларды жабысып тұратын джинсымен кию сәнді емес. Скинни-джинсымен жіңішке тақалы туфли, ботильон не ботфорт киюге болады.

Киімді үйлестіріп киюдегі 10 қателік

Белдемше мен тізеге жететін етіктер

Тізеден келетін белдемшемен тізеге дейін жетпейтін етік кию ұзын аяқтың өзін қысқа етіп көрсетеді. Белдемшемен үйлесу үшін аяқ киім тізеге дейін жететін болу керек. Егер белдемше мен етік арасы көрінетіндей болса, етігіңіздің түсімен бірдей шұлық киіңіз. Етіктің матасы біртегіс болуы керек. Жылтыр етіктер көзге ерсі көрінеді.

Киімді үйлестіріп киюдегі 10 қателік

Қысқа кофта мен қысқа шалбар

Бұл 90-жылдардағы сән. Қысқа кофталар ұзын шалбар мен джинсылармен үйлеседі. Сонымен бірге комбинезон, жакет, белдемшемен киюге болады.

Киімді үйлестіріп киюдегі 10 қателік
Капрон мен басы ашық туфли

Басы ашық аяқ киімді капронмен кию сәнге жатпайды. Егер киюге тура келсе, капронның жұқа әрі басында тігілген сызығы жоғын таңаңыз. Дизайнерлер басы ашық аяқ киім мен торлы капрон кигенді жөн санайды. Егер сіздің шалбарыңыз қара  түсті болса, онда капронды да қара түсінен алыңыз. Басқа жағдайда капронды денеңіздің түсіне қарай таңдаңыз.


Галстукты әдеттегіден ерекше әрі сәнді етіп байлай аласыз ба (фото)

 

Талқылау