Киев түбінде ұшақ апатынан Украина ішкі істер министрі мен оның орынбасары қаза тапты (видео)
Киев облысында тікұшақ құлап, апат салдарынан Украина ішкі істер министрі Денис Монастырский, оның бірінші орынбасары Евгений Йенин және Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Юрий Лубкович қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қаза тапқандар жерде де бар, тікұшақ Бровар елді мекеніндегі үй мен балабақшаның жанына құлаған. Апаттың соңы үлкен өртке ұласқан.
Балабақша жұмыс істеп тұрған, ішінде тәрбиешілер мен балалар болғаны айтылады. Қазіргі уақытта 18 адамның қаза тапқаны белгілі. Оның ішінде 9 адам тікұшақта, қалғандары жерде болған. Өртке оранған балабақшадан бүлдіршіндер эвакуацияланды, бірақ 2 баланың қаза тапқаны белгілі болды. Салдарынан 12 бала, 26 ересек адам зардап шеккен. Украина президентінің кеңсесі зардап шеккендер мен қаза тапқандар саны өсетінін ескертті.
- Қазақ қызы Украинада өз ақшасына бронежилет өндірісін ашып, украин сарбаздарына көмектесіп жүр
- Украинада соғыс басталғалы бері 7 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапқан - БҰҰ
Украина Ішкі істер министрлігі басшысыз қалды. Жергілікті БАҚ тікұшақтың ауада жарылғанын жазады, бірақ Украинада ұшаққа ресейлік зымыраннан соққы жасалуы мүмкін деген нұсқаны айтылмайды. Апаттың себебін тергеу анықтайтын болады.