"Киелі сахнаны қор қылды": Нұрболат Абдуллин мен Say Mo-ның биі сынға қалды
Фото: https://www.instagram.com/nurbullin/
Алматы Аренада өткен Нұрболат Абдуллиннің концертінде Say Mo-ның биі сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі тыңдарманына тосынсый әзірлеп, Say Moмен бірге дуэт жаздырған. Музыкалық кеш тек әнмен ғана емес, түрлі шоу элементтерімен, сахналық қойылымдармен және күтпеген дуэттермен көрерменді таңғалдырды.
Кештің ең есте қалған сәттерінің бірі – Нұрлан Абдуллиннің жас әнші Say Mo-мен бірге ән шырқап, сахнада заманауи би билегені болды. Бұл өнері әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, тыңдармандар түрлі пікір жазды.
Бірі: “Қырықтан асқанымен, харизмасы тасып тұрған жиырма жастағы жігіттей!” – деп таңдай қақса, енді бірі бұл әрекетін сынға алып: “Абдуллин де заманға ілесемін деп бұзылайын деген бе?” – деп сынады.
"Әйеліне обал", "Сабырлы жігіт еді, құтырайын деген екен", "Джей Ло-ға еліктеп тұр”, "Ырбиғандар", "Қатырдым деп тұрсыңдар ма?", "Осы еркекті алып тастандаршы сахнадан жүрісі жүріс емес", "Киелі сахнаны былғады", – деп жазды желі қолданушылары.
@qundyzai.muratqyzy ♬ оригинальный звук - Болтливое солнце

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
