Қыдырәлі Болманов: Эстраданың қазақша үлгісін мен қаладым
Бірер күн бұрын 56 жасқа толған Қыдырәлі Болманов қазақ эстрадасында төңкеріс жасағанын мәлімдеді. Продюсердің айтуынша, ол эстраданың қазақша үлгісін алғаш болып жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Болманов "АБК" тобын өзінің алғашқы жеңісі деп санайды. Ол топтың құрылған кезін еске алды.
"АБК" эстрададағы алғашқы топ, "Тамшылар" алғашқы клип. "АБК" тобын менің алғашқы үлкен жеңістерімнің бірі деп есептеймін. Өйткені біз эстрадаға келген кезде барлығы таза орысша болатын. Жұлдыздар көп-ақ, ішінде қазақша топ, қазақша әнші жоқ. Кеңес Одағын айтпай-ақ қояйын, бер жағын алайын.
Ол менің намысыма тиді. Өз елімізде, жерімізде не болды мынау? Сіресіп қалған мұзды қалай да төңкеру керек. Бұл біздің ел, біздің Алматымыз емес пе? "АБК" – намыстан туған топ. Құрылды, бірінші клип түсірілді, әрі қарай маған Алла көмектесті. Бұл клип жарылыс жасады. Бүкіл рейтингтерде бірінші орындарда айлап, жылдап тұрды.
Жалпы идеологиялық кеңістігімізді кеңейту үшін мен амалдарды өте жақсы қолдандым", – деді Болманов.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады