Kia көліктеріне қауіпсіздік жастықшасы мен белдігіндегі ақауға байланысты мыңдаған шағым түсті
АҚШ-та Kia-ның 80 мыңнан астам көлігіне шағымдар түсіп жатыр. Деректерге сүйенсек, көліктің қауіпсіздік жастықшалары мен белдіктері дұрыс жұмыс істемейді. Компания бұл мәселені шешу үшін шаралар қабылдағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еuronews.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Kia America-ның 80 мыңнан астам көлігінде алдыңғы жолаушылар орындығының астындағы сымдардан ақау шықты. Салдарынан қауіпсіздік жастықтары мен белдіктер дұрыс жұмыс істемей жатыр.
Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының құжаттарында зақымдалған сымдар қауіпсіздік жастықтарының байқаусызда іске қосылып кететіні көрсетілген.
Мұндай олқылықтар 2023-2025 жылдардағы Niro EV, plug-in Hybrid (PHEV) және Hybrid көліктерінде болып отыр.
АҚШ-тағы дилерлік орталықтар қайтарып алынатын көліктерді тексеретінін жеткізді. Сонымен қатар қажет болған жағдайда сым қақпақтарын орнатып, еден сымдарының жинағын тегін ауыстырып беретінін хабарлады.
Шағымданған көлік иелері наурыз айында компаниядан хабарлама алады деп болжанып отыр.
Мұндай жағдай 2024 жылдың қарашасында HYUNDAI және Kia-ның зарядтауды басқару блогындағы транзистордың ақауы байланысты да болған еді. Ол кезде 200 мыңнан астам электромобильдерде ақау болды.