Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Храпунов пен оның әйелі сырттай сотталуы мүмкін

Өткен аптада жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Виктор мен Лейла Храпуновтарды және олардың сыбайласы Айяра Ілиясованы сотқа шақырған еді. Күдіктілер бұл шақыруға пысқырып та қарамаған сыңайлы. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Храпуновтар ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, пара алды, ірі көлемде ақша жымқырды деген айыпқа іліккен. Олар қылмыс жасау арқылы 250 млн долларға байыған.

Олар 17 қазанға дейін Астанаға келуі тиіс болған. Бірақ, келмеді. Күдіктілер не себепті Астанаға ат басын бұрмағанын да жарияламаған.

Олармен бірге тағы 14 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр. Олардың арасында Храпуновтың қарамағында істегендер бар. Енді олар сырттай сотталуы мүмкін.

Тағы да оқыңыз:

Путин мен Назарбаев Қазақстанды ғарыш державасына айналдырмақ

ҚР президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды

Алмазбек Атамбаев Назарбаев қатысатын саммитке барудан бас тартты

Мұхтар Алтынбаевтың ұлы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Талқылау