ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің ұшағын Астанаға дейін қазақстандық жойғыш-ұшақтар алып жүрген (видео)
Фото: Видеодан кадр
Қазақстанға келген Қытай Халық Республикасы төрағасы Си Цзиньпиннің ұшағын жойғыш-ұшақтар сүйемелдеген сәттен видео жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық жойғыш-ұшақтар Қытай төрағасының ұшағын сүйемелдеген сәттен түсірілген видеоны Қазақстан президенті баспасөз қызметі жариялады.
"Қытай көшбасшысы мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді", – делінген видео астындағы жазбада.
Айта кетейік, бүгін Қытай төрағасы Си Цзиньпин жұмыс сапарымен Астанаға келді. Мәртебелі мейманды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайынан күтіп алды. Елорда әуежайының терминалында Төраға Си Цзиньпинге балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, өнерпаздар қос халықтың ұлттық биін билеп, ерекше ілтипат білдірді.
Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған. Сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады

Маңғыстауда тұрғындардың үйлерін, көшелерін қоңыз басты: Аумақтық инспекция жәндіктермен күресті халықтың өзіне қалдырды (видео)
