ХҚКО-дағы компьютерден порно көрген ер адам жұрттың ашуына тиді
Ақтөбенің ХҚКО-сындағы компьютерден ер адам порноролик қарап жұрттың мазасын алған. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
Оқиға облыстағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде болған. Мамандардың айтуынша, мұндай жайттарды Connection point секторында жүретін қызметкерлер қолдан келгенше болдырмауға тырысады екен.
“Видеодағы ер адамның іс-әрекеті бізді ашындырды. Мұндай жағдай қайталанатын болса, құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр боламыз. Мемлекеттік корпорацияның мамандары ондай сайттарды бұғаттаумен айналысып жатыр”, — деп хабарлады мемлекеттік корпорация.
Өзіне қызмет көрсету секторлары құрылған кезде келушілерге www.egov.kz порталына ғана кіруге мүмкіндік берілген. Алайда бұл қызмет алушыларға ыңғайсыз болған. Мысалы, электронды цифрлық қолтаңбаны алатын кезде адамдар алдымен үйден немесе кеңседен өтініш беріп, содан кейін ХҚКО-да оны растау керек болды.
Тағы оқыңыз:
Шығыс Қазақстанда аш қасқырлар адамдарға шаба бастаған
Өскеменде сноубордшы қыз жаттығу кезінде ауыр жарақат алып, комада жатыр