Шымкентте орындық орнына диваны бар автобус жүреді (фото)
Шымкентте қалалық жолушылар автобусының ішіне диван орнатып қойған. Бұл туралы қала тұрғыны желідегі парақшасында жазды.

Гүл Советханқызы есімді желі қолданушысы қалада алғаш рет мұндай автобусқа отырғанын айтты.
«Осындай автобус қайда бар? Шымкентте әрине. Жолаушылардың жағдайын ойлап, жанын түсінген осындай болар. Өмірімде бірінші рет қалаішілік автобуста рақаттанып отырдым», – деп жазды ол.

Оның айтуынша, диван нөмірі № 60А бағытында қатынайтын автобуста орнатылған.
Сонымен қатар, автобусқа кірген адамдардың бәрі диванды көргенде күлімдейтінін жазған.
Тағы оқыңыз:
Қызылордада терезеге ілінген көк туға қатысты жоғары сот шешім шығарды
Таразда кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің 79 том қылмыстық ісі қаралады
Қазақстанда атеистердің сенімін қорлағандарға айыппұл салынуы мүмкін
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды