Хитке айналған “Құдаша қыз, Маржан” әніне жастар жарыса билеуде (видео)
Қазақстан жастары желіде “Құдаша қыз, Маржан” әніне билеп,оны келесі адамға эстафета ретінде табыстау сәнге айналды.
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Еліміздегі тойларда, желідегі жастар арасында “Құдаша қыз, Маржан” әніне билеу сәнге айналды. Желі қолданушылары аталған әнге би билеп, түрлі видео түсірген. Қазақша әуенге бірі бір кездері кеңінен танылған “Ган гам стайл” биін билесе, екіншілері қасымен өнер көрсеткен.
Бұл әнді тойды ерекше жүргізетін әнші әрі тамада Ғалымжан Жолдасбай шығарған. Оның тойды жүргізудегі ерекше стилін көпшілік қызық көріп, өз қуаныштарын басқартуға жиі шақырады екен. Мысалы, “Құдаша қыз, Маржан” ешқандай да ән емес. Той басқарған Ғалымжан Жолдаспай кезекті бір қуанышты жиында құдаларға сыйлықтарды үлестіре бастайды. Әдетінше Маржан есімді құдашаны ортаға ол жайлы өлеңдете шақырады . Міне сол тойдағы үзінді көпшілікке ұнаса керек, жастар жағы ерекше әуен мен әзілді әнге би билеуді қолған.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін 30 жастағы Хонг Джин Юнгтің биі елімізде хитке айналған болатын.
Оқи отырыңыз:
Рианнаның тыңдарманы тверкті мұрнымен билетіп интернетті “жарды” (видео)
Тойда билеген ер мен әйел кісі омақаса құлап күлкіге қалды (видео)
Құрбыларымен көшеде билеген Алтынайды тыңдармандары сынап тастады (видео)
Ерлан Орынбасаров арықтау үшін қыздармен қосылып билеп жүр (видео)