Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хирург жігіт пен студент қыз сұлулық байқауында Қазақстанның намысын қорғайды

Түркістан тумасы зарина Загидуллина мен Зафар Сүлейменов қыркүйек айында Грузияның Батуми қаласында өтетін «Әлем аруы және әлем сұлтаны-2016» байқауында Қазақстан намысын қорғайды.

971b40647df57a063b4ab1907a01ec1e

Зарина Қазан университетінің экономика және қаржы мамандығында оқи жүріп Ресей үкіметі атынан шәкіртақы алады. Мектеп кезінде үздік оқыған оқушы дарынды балаларға арналған олипиадаларға қатысқан. 10-сынып оқып жүргенде республикалық байқаудың «күміс» жүлдесін иеленген. Осыдан кейін мемлекет басшысымен кездесуге шақырту алған.

Желіде «Әлем аруы-2016» байқауы жөнінде хабардар болған қыздың тағы жолы болды. Егер осы жолы да бағы жанып Батумиде өтетін байқауда жеңіп шықса, оған алтын тәж табысталады.

Оның серігі Зафар Сүлейменовтің мамандығы – хирург және модель. Ол сұхбаттарының бірінде жаттығуларының арқасында сымбатты жігітке айналғанын айтқан. Қыркүйек айында Зафар «Жер шары сұлтаны-2016», одан кейін «Дүниежүзі сұлтаны-2016», 2018 жылы «Әлем сұлтаны» байқауында бақ сынайды.

Жіберіп алмаңыз:

Жәнел Садуақас «Новая волна» байқауында үшінші орынды ұтты (видео)

“Әлем сұлтаны-2016” байқауында үндістандық жігіт жеңіс жетті (фото, видео)

Мұсылмандықты қабылдаған «әлем аруы» Дубайға көшіп келді

Талқылау