Мұсылмандықты қабылдаған «әлем аруы» Дубайға көшіп келді
«Әлем аруы» атағының иегері, белгілі чехиялық сәнқой Маркета Коренкова Ислам дінін қабылдап, ендігі өмірін БАӘ-де өткізетін болып шешті. Асыл дініміздегі әйелдер мәртебесін жайлы оқып-білу оның ақыр соңында мұсылман атануына алып келіпті.

Бұл туралы muslim.kz сайты хабарлайды.
Лондон қаласындағы киім өндіретін және Прага қаласында жарнама компанияларының қожайыны бола тұра ол өзінің ұзақ уақыт бойы күйзелісте болғанын айтады. Бұдан арылу үшін ол, тіпті, христиан дініне терең бой ұсынған. Бірақ, бірде-бір көмегі болмаған көрінеді.

Ол өз іздегенін қасиетті Құраннан тапқасын мұсылмандықты қабылдап, Алла дінін үйренуге ден қойған.
«Дубайда тұрғым келеді. Алла дінін тереңірек танып-білуіме осы жерде тұрғаным оң септігін тигізеді», – дейді ол.

"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен