Хиджаб киетін қыздар үшін арнайы шампунь шығарылды
Хиджаб киіп жүретін қыздарға арналған ерекше шампунь сатылымға шығарылды.
Бұл туралы islam.kz хабарлайды.
Шариғат шартын орындап, хиджаб киетін қыз-келіншектердің шаш күтіміне келгенде кәдімгідей қиындық көретіні жасырын емес. Ал, температура тілшігі +30 градустан төмен түсетін кез сирек болатын Индонезия мұсылмандары үшін бұл жағдай тіптен қиын.
Осы қолайсыздықты ескерген Unilever компаниясының жергілікті бөлімшесі Sunsilk маркасындағы шампуньдардың арнайы түрін шығарып отыр.
Айрықша құрамға ие аталмыш шампуньдардың, тіпті, шаш түрлеріне орай бірнеше түрге де бөлінеді.
Бағасы 1,5 доллар тұратын айрықша шампунь басты терлеуден қорғайтын көрінеді.
Талқылау

Алматыда қала күнін тойлауға миллиондаған қаражат жұмсалған: Тұрғындар қаладағы шешілмеген мәселелерге шағымданды
Жоғарыдағы іс-шараның барлығының жалпы есебі – 380 миллион теңгеден асады

Полицей күйеуі омыртқасын сындырып, мүгедек қылған: Өмірінен күдер үзбеген қазақстандық ару адамдарды шабыттандырып жүр
Қазір Аруна ұлымен бірге ата-анасымен тұрады