Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ханзада Чарльз Қазақстанда сыйлаған «керемет жылы халатты» оң бағалады

ҚР дипломатиялық қатынастарының 25 жылдығы қарсаңына СІМ орынбасары Роман Василенко Ұлыбританиядағы болған оқиғаны еске алды.

«1996 жылдың қараша айында ІІ Елизавета Букингем сарайында жыл сайынғы балды өткізді. Оған Қанат Саудабаев пен жұбайы Күліхан Бекібайқызы шақырту алды», – дейді министрдің орынбасары.

«Салтанатты шараны күтіп тұрдық. Патшайым алдында, оның артында жолдасы мен ұлы келе жатты. Олар әрбір қонақпен 1 минутқа жуық уақыт амандасып, сөйлеседі. Бізге жақындағанда маршал «Қазақстанның елшісі мен жұбайы» деп мәлімдеді. Біз амандасып жатырмыз. Патшайым: «О, Қазақстан, Қандай керемет! Менің ұлым жақында сіздердің елдеріңізге барып қайтты. Ол жақта керемет жылы халат сыйлапты. Оны кешкілік салқында киіп жүр», – деді.

2654416

«Ол үшін өте қуаныштымыз. Сіз де біздің елімізге сапарлап келеді деп үміттенеміз», – деді Қанат Саудабав.

Патшайым жауап берместен жымиған күйі құрмет танытып өтіп кетті.

«Ханзада Чарльз да келіп жетті. Амандықтан соң ол да патшайымның айтқанын қайталады. Өзіне Қазақстанда шапан жапқанын еске алды.

«Өте қуаныштымыз. Шапан әлі де сіздің керегіңізге жарайды деп үміттенеміз», – деді Саудабаев.

«Көптеген елмен кездесу барысында бірталай сыйлықтар алып жатқанына қарамастан, патшайымнан Қазақстан жайлы сұраса, ол әлбетте 20 жыл бұрын сыйға алған «керемет жылы халатты» еске алатын еді», – дейді Роман Василенко.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы ғаламтордағы науқастардың пікірлеріне байланысты төленеді

“Жалаңаш” суреттері жарияланып кеткен полицейді қызметінен шығармайды

Жапония астанасындағы лэд-экранда Димаштың суреті пайда болды

Талқылау