Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хабиб Нұрмағамедов ақтөбелік қызға Toyota Camry көлігін сыйлады

Ақтөбелік Сәуле Болатбаева Toyota Camry автокөлігінің иесі атанды. Ол бұған дейін Хабиб Нұрмағамедов өткізген байқауда көлік ұтып алған еді, деп жазады Stan.kz.

Хабиб Нұрмағамедов ақтөбелік қызға Toyota Camry көлігін сыйлады

Бұл туралы Сәуле Болатбаева Instagram желісінде мәлімдеді.

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы 17 ақпанда Мәскеуде қазақстандық қызға көліктің кілтін табыстады.

«Көптен күткен сәт», – деп жазды Сәуле Хабиб Нұрмағамедовпен бірге түскен суретін жариялап.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Сауле Болатбаева (@saule_br)

Еске сала кетсек, Хабиб Нұрмағамедов Instagram желісінде байқау өткізіп, нәтижесінде ақтөбелік қыз ұтысқа ие болған еді. Жеңімпаз 2018 жылдың 30 желтоқсанында кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау