Алматыда “7 балдық жер сілкінісі болатыны туралы хабарлама” тарап кетті
Алматылықтар арасында күшті жер сілкінісі болатыны туралы аудио хабарламалар тарап жатыр. Соған қатысты сейсмолог пікір білдірді.
“Бізге 7 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін екенін ескертті. Жер асты дүмпуі бүгін басталады. Біздің директордың ағасы – сейсмолог. Сондықтан біз білеміз, ауа-райы қандай болатынын біліп отырамыз. Мен басында ескертуге мән бермей, сенген жоқпын, бірақ жұмыстағылар “құжаттарыңды дайындаңдар”, деп жазды. Сол үшін қыздар, түнде ұйықтамаңдар, 7 балл бізді әбден шайқайды“, – деп айтқан аудеожазбада.
Дегенмен, хабарламаның қай жерден екені де, күні де көрсетілмеген.
Тарап кеткен аудиожазбаға сейсмолог Ануар Боромбаев пікір білдірді, деп хабарлады Sputnik Казахстан.
“Хабарламадағы сөздер ертең не болатынын растай ала ма? Мұндай болжамдар мен ескертулерге ТЖК арқылы ресми түрде таратылған жағдайда ғана сенуге болады”, – деді сейсмолог.
Оның айтуынша, жақын күндері Алматы аумағына ешқандай сейсмикалық жағдай тіркелген жоқ.
Тағы оқыңыз:
Әдейі өртеген: Кемероводағы өрте байланысты ұсталғандар сотта жауап берді
Ақтаулықтар Кемеровода қаза тапқандардың тағзым етіп, құран бағыштады
Сәкен Майғазиев Кемеровода қайтыс болғандар жайлы жазып елді жылатты